Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Енді қазақстандықтар ай сайын төлейтін несие мөлшерін өздері таңдай алады

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов несие бойынша төлемдердің көп болатыны соншалық, адамда өзін дамытуға да уақыт болмауы мүмкін. Сол себепті азаматтар тікелей банкпен келісімге келе алмаса, сотқа жүгіне алатындығын хабарлады деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Енді қазақстандықтар ай сайын төлейтін несие мөлшерін өздері таңдай алады
фото: baq.kz

Сот несие берушіні екі тарап үшін де тиімді қадам жасауға міндеттейді. Расымен де, көптеген банктің бұған келіспей, клиентінен максимум қаржы алғысы келетіні ешкімге құпия емес. Ал сот қарыз алушыда несиені өтеуге экономикалық стимул болуы үшін жағдай жасайды. Мысалы, қарыз алушы 600 мың теңге жалақы алып, оның 400 мыңымен несиесін жауып отырған болуы мүмкін. Ал оның бала-шағасы бар, отбасымен демалғысы келеді, өзін дамытып, белгілі бір шара өткізгісі келеді. Сондықтан сот керісінше ай сайын 400 мың емес, 200 мың теңге төлейтіндей етіп жасап бере алады – деді Біржанов.

Сонымен қатар Ержан Біржанов соңғы 12 айда несиесін жартылай өтегендердің банкроттыққа неліктен өтініш бере алмайтынын да айта кетті.

Оның айтуынша, аздаған соманың өзі несиені өтеген болып есептеледі. Яғни мұндай жағдайда азаматтар өзін банкрот деп жариялауға өтініш бере алмайды.

Қарыз алушы ай сайынғы несиесін белгіленген сомадан аз ақшамен жапқан болса да, бұл несиені төлеген болып есептеледі. Яғни 12 ай мерзім ішінде төлемеді деген санатқа кірмейді – деді вице-министр.