Алматыдағы аяз: 54 жылдық рекорд жаңарды

Алматының аязы жарты ғасыр бұрынғы рекордты қайталады. Мұндай жағдай 54 жыл бұрын болған, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыдағы аяз: 54 жылдық рекорд жаңарды
фото: tengrinews.kz

Синоптиктердің мәліметінше, 12 қаңтарда түнде Алматыда екі температуралық рекорд тіркелген.

"Минимум температура "Шымбұлақта" тіркелді. Ол жерде ауа температурасы -27,8 градусқа дейін жетті. Бұған дейін қаңтардағы аяз 1969 жылы тіркелген болатын, шамамен -27 градус.

Сонымен қатар, "Мыңжылқы" метеостанциясында температура рекорды тіркелді. Бұған дейін ол аймақта қаңтарда -32 градус тіркелсе, 12 қаңтарда -32,4 градус болды", - дейді Алматы және Алматы облысы бойынша Қазгидромет филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаев.

Оның сөзінше, биыл Алматыда қаңтар салыстырмалы түрде аяз қатты.