Біз өңірлерге барғанда, тұрғындар бұл мәселені көтереді. Өйткені әр облыста Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілген даңғылдар бар. Менің ойымша, бұл мәселені жергілікті деңгейде шешу керек. Көшенің атын ауыстыру үшін мәслихат шешім қабылдауға тиіс. Жалпы тұрғындар мәселеге қатысты өздерінің ұсыныстарын айтып жатыр, - деді депутат Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң.
Айта кетейік, бүгін Тұңғыш президент туралы заңның күшін жоюға шешім қабылданды.