Елордада бірнеше мектептің мұғалімдері жалған дипломмен балаларға білім берген, деп хабарлайды Paryz.kz
Қалалық прокуратура білім беру ұйымдары қызметінің заңдылығын тексеру барысында мұғалімдердің жалған дипломды пайдалану фактілерін анықтаған.
«Жұмысқа орналасу кезінде 6 мектептің мұғалімдері жалған диплом көрсетіп, балаларды оқыту құқығына ие болған», - деп жазылған Астана қаласы прокуратурасының Facebook парақшасында.
Хабарламада айтылғандай, Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес жалған құжатты пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Аталған ұстаздардың педагогикалық қызметі тоқтатылды», - делінген ведомство хабарламасында.