Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Елімізде арықтауға арналған қауіпті препараттар ашық сатылып жатыр

Елімізде арықтауға арналған қауіпті препараттар ашықтан ашық сатылып жатыр, деп мәлемдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Елімізде арықтауға арналған қауіпті препараттар ашық сатылып жатыр
фото: doctorbormental.ru

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік тыйым салған дәрінің жарнамасы жер жарады. Оны тіпті дәріхана сөрелерінен оп-оңай алуға болады. Биологиялық белсенді қоспа бұрын Қазақстанда да тіркелген. Бірақ 2021 жылы стандартқа сай емес екені анықталып, тіркеу күші жойылды. Десе де, бұл препаратты іздеген адам желіден оп-оңай тауып алады. Жеке тұлғалар оны емін-еркін саудалап жүр.

Салмақ тастататын дәрі-дәрмектердің пайдасынан зияны көп дейді дәрігерлер. Адамның қан қысымы көтеріліп, миға қан құйылады. Жүрек ұстамасы мен қалқанша безінде қиындықтар пайда болуы мүмкін. Тіпті өліп кетуі де ғажап емес.

 «Адам өзі ойлану керек қой, 5 мың теңгелік дәріні тұтынып, қалай азуға болады? Зиян екенін бағасына қарап та білуге болады. Мықты дәрі болса, ондай бағада сатылмас еді. Оның денсаулыққа зиян екенін көп әйелдер ескермейді. Оңай жолды таңдайды, бірақ түбінде ауруға айналады. Осы дәрілерді ішіп қаншама адам өліп жатыр», - дейді дәрігер Жанель Ілияс.

Дәрігерлер арықтаудың ең тиімді әрі қауіпсіз жолы дұрыс тамақтану екенін айтады. Қауіпті препараттар артық салмақтан арылуға көмектеспейтінін ескертті.