Соңғы кездері елімізде жеке тұлғаларға банкроттық туралы өтініштерді рәсімдеп беруге көмектесемін деп, қомақты қаржы сұрайтын алаяқтар көбейген, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.
Алаяқтар көбіне инстаграм мен тикток әлеуметтік желілері арқылы түрлі жарнамалық хабарлар тарата бастаған. Бірақ Мемлекеттік кірістер департаменті ел тұрғындарын ондай жалған ақпараттарға сенбеуге шақырады. Сонымен қатар банкроттық процедурасы тегін өткізілетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 3 наурыздан бастап азаматтардың өздерін банкрот деп жариялай алатынын мәлімдеген еді.
Оның айтуынша, халықаралық тәжірибені ескере отырып, заңда 3 түрлі рәсім көзделген. Бірінші рәсім - соттан тыс банкроттық. Оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.