Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Қазақстанда бұдан былай жеке куәлігін жиі жоғалтатындарға айыппұл салынады

Депутаттар Салық кодексіне өзгертулер енгізу туралы бастама көтерді. Оның ішінде қазақстандықтар жеке куәлікті жылына екі реттен артық жоғалтқан жағдайда мемлекеттік баж салығын арттыру ұсынылды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Қазақстанда бұдан былай жеке куәлігін жиі жоғалтатындарға айыппұл салынады
фото: alashainasy.kz

Заң жобасында мұндай жағдайда жоғалған жеке куәлікті қалпына келтіруге өтініш берген кезде 1 АЕК (2023 жылы – 3 450 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлеу керектігі қарастырылған. Бұл ретте ҚР азаматының жеке куәлігін беру немесе ауыстыру кезіндегі мемлекеттік баж 0,2 АЕК құрайды.

Түзету негіздемесінде құжатты қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік баж салығын арттыру азаматтарды жеке басын куәландыратын құжаттарға ұқыптылықпен қарауға итермелейтіні айтылған.

Парламентарийлердің айтуынша, бұл мемлекет меншігі болып табылатын жеке басты куәландыратын құжатқа немқұрайлы қарауды көрсетеді. Бұған себеп жыл сайын жоғалуына байланысты жеке куәлік беретін 335 000 азаматтың орта есеппен 7 806-сы бір жыл ішінде екі реттен көп жүгінеді екен.

Осыған орай заң жобасында төлқұжат бергені үшін сараланған мемлекеттік баж салығын енгізуді көздейтін түзетулер бар.