12.01.2023, 16:20

Енді колледж студенттеріне жолақысы бойынша өтемақы ешқандай құжат ұсынбай-ақ төленеді

фото: inva.kz

Басқа қалада тұратын колледж студенттеріне үйге қайту үшін жолақысы бойынша өтемақы төленеді. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың сөзінше, өтемақы алу үшін ешқандай құжат ұсынудың қажеті жоқ, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Өтемақы төлеу 2023 жылдан басталады.

"Биылдан бастап басқа қалада тұратын студенттерге ешқандай құжат ұсынбай-ақ демалыс уақытында жол жүру ақысы бойынша 4 АЕК көлемінде (13 800 теңге) өтемақы төленеді", – деді ол. 

Бұған дейін жолақысы бойынша өтемақы колледжде күндізгі оқу формасында білім алатын студенттерге жылына екі рет төленіп келген. Қысқы және жазғы демалыста студенттердің барлығына 2 АЕК берілді. Алайда өзге қалаға барғанын растайтын құжат талап етілген. Сонымен қатар қалааралық такси қызметін пайдаланған студенттерге өтемақы төленбейтін.