Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Жиырма еселеп қайтарады: Қазақстанда жемқорларға қатысты жаза қатаңдатылады

Енді елімізде жемқорлар пара ретінде алған ақшасын 20 еселеп қайтарады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Жиырма еселеп қайтарады: Қазақстанда жемқорларға қатысты жаза қатаңдатылады
фото: mavink.com

Пара алушылар мен берушілерге де жаза қатаңдатылады.

Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген заң жобасы қазір ашық үкімет порталында талқыланып жатыр.

Параны мүлік ретінде алған азаматтар сол мүліктің құнын төлейді немесе 1200 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады. Сондай-ақ, жаза ретінде бес жыл мерзімге бас бостандығы шектеу және сол мерзімге абақтыға қамау қарастырылған.

Қазіргі заң бойынша пара алушыларға тек бес мың АЕК, яғни 15 миллион теңге көлемінде айыппұл салынады.