Қарағандыда 16 қабатты үйде болған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Paryz.kz.
ІІМ мәліметінше, көпқабатты үйде болған өрт дерегі бойынша полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 204-бабы 2-тармағына (отпен немесе қауіптілігі жоғары өзгеде көздермен жұмыс істеу арқылы жасалған ауыр зардаптарға әкелген бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру) сәйкес қылмыстық іс тіркеді.
Аталған баптың санкциясында 2 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.