Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Өңірлерде парацетомол қат": Министр түсініктеме берді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміздегі парацетамол қоры туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Өңірлерде парацетомол қат": Министр түсініктеме берді
фото: livinginholland.blog

Министрліктің қорытынды алқа мәжілісінен кейін БАҚ өкілдері Ажар Ғинияттан ел өңірлеріндегі парацетомол жетіспеушілігіне қатысты пікір білдіруін сұрады.

«Солтүстік өңірлерде парацетамол тапшылығына шағымданушылар көп. Неліктен мұндай тапшылық болып жатыр», - деп сұрады тілшілердің бірі.

Ведомство басшысы бұл ақпаратты растаған жоқ.

«Бүгінгі таңда парацетамол дәрісінің тапшылығы жоқ. Қазірдің өзінде бүкіл жеке дәріханалардың өзінен тиісті комитет арқылы мөлшерін сұрап, біліп отырмыз. Парацетамолдың өзінің мөлшері немесе парацетамол қосылған әр түрлі дәрілердің түрлері біздің елімізде жеткілікті», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ажар Ғиният елімізде өткен жылы қанша адам ағза ауыстырғанын айтқан.