Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптар өзгерді

Оқу-ағарту министрлігі мектеп формасына қойылатын талаптарды өзгертті, деп хабарлайды paryz.kz.

Оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптар өзгерді
Фото: ашық дереккөз

Министрдің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес, мектеп формасымен қатар, оқушылар тоқылған күрте/кардиган поло жейде кие алады. Бірақ киімнің түсі мен стилі мектеп әкімшілігімен келісілуі керек.

Жалпы мектеп формасына қойылатын талаптар өзгермейді. Мұндағы әңгіме тізімді толықтыру және таңдау мүмкіндігін беруге байланысты. Бұған дейін ата-аналар балаларға ыңғайлы киім киюге мүмкіндік беруді сұраған. Өйткені сабақ кезінде ресми костюм кию барлық балаға бірдей қолайлы емес. Сондықтан балама ретінде мектепке ыңғайлы киіммен келуге рұқсат беру ұсынылып отыр, - деп жазылған Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомство бұйрыққа сәйкес оқушылар қалай киіне алатынын түсіндірді.

Мысалы, ресми пиджак немесе жакет орнына тоқылған күрте/кардиган және күнделікті жейде орнына поло жейде киюге болады. Шешімді мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңесі және мектептің өзін-өзі басқару кеңесі қабылдайды. Бірақ бұл мектеп бекіткен талаптарды міндетті түрде қайта қарау керек дегенді білдірмейді. Бұл тек қосымша мүмкіндік болып саналады, - деп жазылған хабарламада.