10.01.2023, 17:05

Астана әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты 20-ға жуық рейс кейінге шегерілді

фото: www.lonelyplanet.com

10 қаңтарда Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 рейс келуге және 6 рейс ұшуға кейінге қалдырылды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Әуе айлағының баспасөз қызметі Астана халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын түсіндірді.

Ұшудың кешігуіне ауа райының қолайсыздығы мен ұшақтың кеш келуі себеп болып отыр.

"Әуежайда, оның ішінде ұшу-қону жолағында да қар тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде."Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Таратылған хабарламада жолаушылардан соңғы ақпаратты call-орталықтардан, сондай-ақ ұшып келу және ұшып келудің кестесі жайында анықтама орындарына білуге болады. 

4 қаңтарда 28 рейс кейінге шегерілді.

10 қаңтарда Инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе компаниялары енді жолаушыларға рейс күйіндегі өзгерістер туралы ұялы телефон нөмірі мен электрондық пошта арқылы жедел хабарлауы қажет екенін хабарлады.