Атырауда ірі қара мал ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті

Қылмыстық топты Атырау облысы Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қолға түсірді.

Атырауда ірі қара мал ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті
Фото: ПБ

Қоныстау ауылының тұрғыны далалық алқапта жайылып жүрген сиыр малының жоғалғаны туралы шағымданады.

Іздестіру шаралары нәтижесінде бес адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топтың алдын-ала сөз байласу арқылы мал ұрлағаны белгілі болды.

Қылмыстық топтың құрамында 1977, 1978, 1986, 1990  және 1997 жылы туған аудан тұрғындары бар.

«Аталған дерек бойынша  Қылмыстық кодекстің 181-1-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.