10.01.2023, 11:45

Қазақстанда 115 жол учаскесі жабылды

фото: Stan.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін 10:00-дегі жағдай бойынша  ауа райының нашарлауына байланысты тас жолдардың 115 учаскесі жабылғанын мәлімдеді. Оның ішінде 39 жолда дизельмен жүретін жүк көліктері мен автобустардың қозғалысына тыйым салынған, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін 10:00-дегі жағдай бойынша  ауа райының нашарлауына байланысты тас жолдардың 115 учаскесі жабылғанын мәлімдеді. Оның ішінде 39 жолда дизельмен жүретін жүк көліктері мен автобустардың қозғалысына тыйым салынған. 

Автокөліктердің жиналуы бірнеше өңірде байқалған. Дәл қазір Қарағанды облысының Теміртау қаласынан шыққан тұсында 57 техника тұр.

Өткен тәулікте құтқару бөлімшелері 7 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады.

Уақытша жылыту пункттерінде 56 адам орналастырылды, оның ішінде 11 бала  бар. Жолаушылардың көпшілігі Ақмола облысынан.