Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстанда 19 жылу электр орталығы апатты жағдайда тұр

Қазақстанда 19 жылу электр орталығы қызыл аймақта тұр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Қазақстанда 19 жылу электр орталығы апатты жағдайда тұр
фото: Sputnik

"Бүгінгі таңда елде 37 жылу электр орталығы жұмыс істейді. Оның 12-сі – коммуналдық меншікте (Астана, Ақтау, Семей, Қостанай, Кентау, Орал, Арқалық, Шахтинск, Қызылорда, Тараз қалаларында), үшеуі – квазимемлекеттік ("АлЭС" АҚ) және 22-сі – жеке меншікте. 25 жылу электро орталығындағы негізгі отын – көмір, 11 жылу электр орталығында – газ және мазуттағы бір ЖЭО бар. 37 ЖЭО-да 190 бу қазандығы, 41 су жылыту қазандығы, 132 бу турбинасы және 5 газ турбинасы жұмыс істейді. Энергетика министрлігі 37 ЖЭО-ның техникалық жай-күйіне талдау жүргізіп, оларды тәуекел топтары бойынша санаттады және бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарларын әзірледі. Мәселен қызыл аймаққа (жоғары тәуекел дәрежесі) 19 ЖЭО, сары (орташа тәуекел дәрежесі) 11 ЖЭО және жасыл (төмен тәуекел дәрежесі) 7 ЖЭО кірді", - делінген Үкімет басшысының жауабында.

Премьер-Министрдің жауабына қосымша ұсынылған анықтамаға сәйкес, тәуекел аймағына мына қалалардағы ЖЭО-лар кіреді:

Арқалық – 1, Кентау – 1, Қызылорда – 1, Орал – 1, Степногорск – 1, Теміртау – 2, Павлодар – 1, Ақтау – 1, Шахтинск – 1, Риддер – 1, Рудный - 1, Балқаш - 1, Жезқазған - 1, Өскемен - 1, Петропавл – 1, Семей – 1, Екібастұз – 1, Тараз – 1; сары тәуекел аймағындағылар: Алматы – 2, Павлодар – 1, Ақтау – 1, Қарағанды - 2, Текелі – 1, Шымкент – 1, Қостанай – 1, Атырау – 1; жасыл тәуекел аймағындағылар Алматы – 1, Орал – 1, Павлодар – 1, Астана – 1, Ақтөбе – 1, Астана –  1.