Түркістан облысында жоғалып кектен зейнеткердің мәйіті иен даладан табылды, деп хабарлайды paryz.kz.
«Отырар» сайтының жазуынша, Молдабек Игембаев есімді зейнеткер 2023 жылдың 5 қаңтарында жоғалып кеткен.
«Қарияның туыстары полицияға арыз жазып, оның 5 қаңтарда үйінен шығып кеткенін және қайтып оралмағанын хабарлаған. Зейнеткер Түлкібас ауданының тұрғыны болған. Оның мәйіті табылған кезде түсірілген видео желіге тарап жатыр», - деп жазады дереккөз.
Қазір жергілікті полиция зейнеткердің өліміне қатысты мән-жайды анықтап жатыр.