Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстан ғалымдары 1,5 млн теңгеге дейін жалақы алады

Қазақстан ғалымдары 1,5 млн теңгеге дейін жалақы алады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Қазақстан ғалымдары 1,5 млн теңгеге дейін жалақы алады
фото: wap.akorda.kz

Ғалымдарымыз үнемі тұрақты жалақы алмағандығы белгілі. Жалақы конкурстардың нәтижесіне байланысты. Ғалымдардың орташа жалақысы 152 мың теңге болды. Бұл – экономикадағы орташа жалақының тек 72 пайызы ғана. Бүгінде жұмыс істеп, жарияланымдары шығатын барлық жетекші ғалымның жалақысын 72 пайызға арттырдық. Жетекші ғалымдарымыз гранттардың нәтижесіне тәуелді болмауы үшін іргелі ғылымдарды базалық қаржыландыру форматын қайтардық. Қазіргі уақытта 11 ғылыми-зерттеу институты тікелей қаржыландырылады - деді Саясат Нұрбек ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Министрдің атап өтуінше, ғалымдардың жалақысы айтарлықтай өсті.

Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, бүгінде жалақы – 257 мың теңге, ал ең жоғары жалақы – 1,5 млн теңге. Ғылымды қаржыландыруды 3,5 есеге арттырдық. Егер ғылымды қаржыландыру 2022 жылы 58 млрд теңге болса, биыл 158,6 млрд теңгеге жетті. 2024 жылы 244 млрд теңге, 2025 жылы 240 млрд теңге болады. Ғылымды қаржыландыру шамамен 800 млрд теңге болуы тиіс. Осы деңгейге шығу үшін жоспарымызда бар - деді ол.