Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Елімізде мектеп, колледж мұғалімдерінің жалақысы 25%-ға өсті

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылғы қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ға көтеріліп келеді, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Елімізде мектеп, колледж мұғалімдерінің жалақысы 25%-ға өсті
фото: trikky.ru

«Ел Президентінің қолдауы арқасында мұғалімдердің жалақысы жыл сайын өсіп келеді. Сонымен қатар олардың жалақысына қосымша төлемдер белгіленді. Бұл – біліктілік санаты, магистр дәрежесі, пәндерді ағылшын тілінде жүргізу, дәптерлерді тексеру, сынып жетекшілігі, жаңартылған мазмұндағы жұмыс және тәлімгерлік үшін қосымша төлемдер. Мұғалімдердің жалақысын көтеру өз нәтижесін беріп жатыр. Педагог мамандығына университеттің үздік түлектері мен «Алтын белгі» иегерлері келе бастады. Бұл болашақта балалардың оқуына оң әсерін тигізеді», - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Сонымен қатар дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс уақытта қосымша спорт секцияларын өткізгені үшін қосымша ақы қарастырылған. 2023 жылғы қыркүйектен бастап кадрлар жетіспейтін өңірлерге тартылған педагогтерге лауазымдық жалақысының 150% мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.

Педагогтердің жалақысы білім деңгейіне, біліктілігіне, жұмыс өтіліне, оқу жүктемесіне, магистр дәрежесінің болуына және басқа да қосымша төлемдерге байланысты есептеледі.