Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы мөлшері ұлғайтылды

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру берілетін әлеуметтік төлемдер мөлшері ұлғайтылды, сондай-ақ бала күтімі бойынша төлемдер кезеңі ұзартылды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы мөлшері ұлғайтылды
Фото: ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ұлғайтылған әлеуметтік төлемдерді қорынан жұмысынан айырылған, еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларда ғана алуға болады.

Оның ішінде жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылатын табысты алмастыру коэффициенті 40%-дан 45%-ға дейін ұлғайтылды. 2023 жылы 117 мыңға жуық азаматқа жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем орта есеппен 13%-ға өсіп, арттырылған мөлшерде тағайындалады деп күтілуде.

«Сондай-ақ бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемді жүзеге асыру ұзақтығы 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұзартылды. Биыл бұл төлем 500 мыңнан астам ата-анаға тағайындалуы жоспарлануда.

Бұдан бөлек, еңбекке қабілеттілігінен айырылған 78 мың адамға және асыраушысынан айырылған 55 мың отбасыға базалық мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша тағайындалатын әлеуметтік төлемдердің мөлшері 8,5%-ға артты», - делінген хабарламада.

Осылайша, жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жұмыс істемейтіндерге қарағанда жоғары болмақ.