Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстанда 6 қаңтарда жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады

Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

"Қазгидромет" РМК таратқан мәлімет бойынша, жаңбыр, қар жауады.

Қазақстанда 6 қаңтарда жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады
фото: tj.sputniknews.ru
"Елдің шығысында, оңтүстігіндегі таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болжанды. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, бұрқасын, тұман болады", –  делінген хабарламада.

Сондай-ақ, синоптиктер 6-8 қаңтарға арналған Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауа райы болжамын ұсынды.

Астана

6 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-3 аяз.

7 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 3-5 аяз.

8 қаңтар – күн бұлтты болып, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, бұрқасын. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 3-5 аяз, күндіз 0-2 жылы.

Алматы

6 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз 7-9 градус жылы.

7 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 3-5 жылы.

8 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 5-7 жылы.

Шымкент

6 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 6-8 жылы.

7 қаңтар – көшпелі бұлтты, ауық-ауық жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 9-11 жылы.

8 қаңтар – көшпелі бұлтты, әлсін-әлсін жаңбыр жауады.  Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 9-11 жылы