Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Қаңтар оқиғасына қатысқан 76 адам рақымшылықпен түрмеден босап шықты

Қаңтар оқиғасына қатысқан 76 адам рақымшылықпен түрмеден босап шықты. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты. 

Қаңтар оқиғасына қатысқан 76 адам рақымшылықпен түрмеден босап шықты
Фото: ашық дереккөз

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеңілдететін мән-жайлардың болуын ескере отырып, 255 адам қамаудан босатылды. Олар - соттылығы жоқ және залалды өз еркімен өтеген азаматтар. Адамдардың көпшілігіне бас бостандығынан айырмайтын бұлтартпау шаралары қолданылды. Төтенше жағдай кезінде ауыр қылмыс жасағаны үшін 12 кәмелетке толмағандар анықталды. Оларға қарсы бұлтартпау шарасы, бас бостандығынан айырмау шарасына өзгертілді», - деді ол.

Министрдің айтуынша, тергеу қылмыстық процестің үш буынды моделіне сәйкес жүргізіліп жатыр. Яғни, тергеушілердің барлық негізгі шешімдері прокурордың қадағалауы арқылы келісімінен және соттың бақылаумен өтеді. 631 айыпталушы сотқа жолданды. Олардың 132-сі – бас бостандығынан айырылды. Ал қалғандарына шектеу, қоғамдық жұмыстар мен айыппұл сынды жазалар қолданылды.

«Бірқатар күдікті жәбірленушілерге келтірілген залалды өз еркімен өтеді. Татуласу салдарынан кейбір қылмыстық істер тоқтатылды. Бүгінгі күні «Рақымшылық туралы» Заң 980 тұлғаға қолданылды. Қамаудан 76-сы босатылды. 904 сотталушының мерзімдері қысқартылды. Қазір өндірісте 36 қылмыстық іс бар», - деді Марат Ахметжанов.