Тоқаев Әзірет Сұлтан мешітінде Қаңтар құрбандарына құран бағыштады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қаңтарда Әзірет Сұлтан мешітіне барып, Қаңтар құрбандарына құран бағыштады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Тоқаев Әзірет Сұлтан мешітінде Қаңтар құрбандарына құран бағыштады
фото: Stan.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, былтыр Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған азаматтардың рухына құран бағыштады – делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында қаңтар оқиғасына қатысты баяндама оқылған еді. Өз сөзінде Бас прокурор Берік Асылов полицейлердің шабуылшыларға қарсы оқты президент бұйрығына дейін атқанын мәлімдеген еді. 

Полиция, әкімдік пен өзге де ғимараттарға шабуыл кезінде, яғни тәртіпсіздіктер күш көрсету фазасына өткен соң атыс қарулары қолданылды. Кейін қаланы қарулы содырлардан тазарту кезінде оқ атылды. Айта кетері, шабуылшыларға қарсы оқ президент мәлімдемесіне дейін-ақ атылған. Бұған қатысты дау қоғам пікірін әдейі бұрмалап отыр– деді ол.