Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Банктерге елден Ресей рублін әкетуге рұқсат берілді

Қазақстанда банктерге елден Ресей рублін әкетуге рұқсат берілді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Ұлттық Банкіне сілтеме жасап.

Банктерге елден Ресей рублін әкетуге рұқсат берілді
Фото: ашық дереккөз

«Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1079 қаулысымен екінші деңгейлі банктерге қолма-қол Ресей рублін бір реттік тәртіппен Қазақстаннан әкетуге рұқсат етілді.

Қолма-қол рубльді қолма-қол ақшасыз нысанға конвертациялау және банктердің корреспонденттік шоттарын толтыру мақсатында рұқсат енгізіледі.

Бұл ретте Ұлттық Банк бүгінде екінші деңгейлі банктерде банк шоттарын, төлем карточкаларын, сондай-ақ электрондық әмияндарды пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін, қолма-қол Ресей рублінің жинақталу тәуекелін барынша азайтуға мүмкіндік беретін әр алуан арналар мен құралдардың бар екеніне назар аудартады.    

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде танысуға болады.