Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

«Тері тон кимеймін, ет жемеймін, зообаққа бармаймын... » - Экология министрі (ВИДЕО)

Бүгін тағайындалған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова бұған дейін «Хабар 24» телеарнасындағы бағдарламалардың бірінде өзінің табиғатқа, аң-жануарларға залалы тиген дүниелерге жоламайтынын айтқан, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі.

Фото: ашық дереккөз

"Мен тері өнімдерін кимеймін, ет жемеймін. Жануарларға адамгершілікпен қарау адамнан – өзімізден басталуы керек деп есептеймін. Жануарларға сыналған косметиканы қолданбаймын, зообақтарға, дельфинарийлерге бармаймын. Бұл – менің жеке шешімім", - деген екен сонда Зульфия Сүлейменова.

Демек, оның бұрынғы министр Серікқали Брекешовтің киіктердің санын реттеу мақсатында атпау жөніндегі шешімін ұзағынан сүйіндіретін түрі бар.