Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов қызметінен босатылды, деп хабарлады Тelegram-дағы Борт N1 арнасы.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды, – деп жазылған Жарлықта.
Президенттің Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды.
Айта кетейік, Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.