Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен азамат Р.Хасанов 15 тәулік әкімшілік қамауға алынса, азамат Зейферд А. 10 тәулікке қамалды.
Алматыда күре жолдың ортасында отырып шахмат ойнаған жас жігіттер қамауға алынды, деп хабарлады paryz.kz, Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бостандық аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері олардың іс-әрекеттерінен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша реттелген құқық бұзушылық белгілерін көрді", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Материалдар сотқа жіберілген. Жас жігіттерге әкімшілік қамауға алу түріндегі санкция қолданылған.
"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен азамат Р.Хасанов 15 тәулік әкімшілік қамауға алынса, азамат Зейферд А. 10 тәулікке қамалды. Олар Алматы қалалық Полиция департаментінің қабылдау бөліміне орналастырылды. Сонымен қатар сот шешімімен құқық бұзушыларға 3 ай мерзімге дейін арнайы талаптар қойылды", - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.