Қарағанды-Ақадыр учаскесінің Қарабас станциясында жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, оқиға 28 желтоқсанда 07:45-те болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала мәлімет бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуі жеке меншік иесіне тиесілі бірінші астық тасымалдаушы доңғалақ жұбының кептелісіне байланысты болды. Бұл жағдайды тексеру үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да арнайы комиссия құрылған.
Осы учаскедегі пойыздар қозғалысы көрші жолмен ұйымдастырылған. Қарағанды, Құлайғыр станциялары бойынша екі жолаушылар пойызы кідірілді. Вагондардың жолдан шығуы салдарын жою үшін Қарағанды, ЖаңАрқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы тартылды.