Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Айтылуы тиіс нәрсе бар": атышулы Байзақова әкесінің түрмеден шыққанын жазды

"Ата-аналарыңызды қадірлеңіздер! Бұл жазбаны жаза отырып, бір жеңілдеп қалдым", - дейді ол.

"Айтылуы тиіс нәрсе бар": атышулы Байзақова әкесінің түрмеден шыққанын жазды
фото: дереккөз

Атышулы Айжан Байзақов алғаш рет отбасылық мәселені көпшілікке ашық айтты. Ол әкесінің істі болып, түрмеге тоғытылғанын, отбасының жүгін сол сәттен бастап өзі арқалағанын жеткізді. Айтуынша, әкесі қарттыққа таяғанда өмірін темір тордың ар жағында өткізуге мәжбүр болған, деп жазды alashainasy.kz.

"Әкем жақында ғана түрмеден шықты. Бұл мені аяу үшін жазылған мұңды жазба емес. Мен үш жыл бойы үндемедім. Бұған дайын емес едім. Қазір есейдім. Өзгелердің бұл оқиғаны теріс жағынан пайдаланғанын қаламаймын", - деп бастаған блогер сөзін.

Осы орайда ол әкесін түрмеге алып кеткен сәтін еске алды.

"2018 жылдың наурызында 60 жастағы әкемді қолына кісен салып алып кетті. Ол ешкімнен жасырынған жоқ. Оны террорист, кісі өлтіруші секілді жетектеп әкетті. Бес жылға қамады. Сол сәттен бастап отбасының жүгі менің мойныма артылды. Біз әкемізбен қоштасып та үлгермедік. Мен тек әкеме дәрі апарып бердім. Анамның күйзелістен шашы түсіп қалды. Мен оны әр елге қыдыртып, көңілін ауладым", - деді Байзақова.

Осылай үш жыл өткен. Атасы немересін көрмеген. Сол кезде оның туған ағасы да қайтыс болыпты.

"Оны әкем білген жоқ. Әкемнің не үшін істі болғанын айтпаймын. Ол маңызды да емес. Оның дәл қазір бостандыққа шыққаны маңызды. Ол қазір отбасымен бірге. Бәрінің басында проблема бар. Инстаграмда көрген әлем-жәлемнің бәрі әдемі дүние емес. Қалғанын әкем кейін өзі айта жатар. Оған дайын болу керек. Айтылуы тиіс нәрсе бар. Ата-аналарыңызды қадірлеңіздер! Бұл жазбаны жаза отырып, бір жеңілдеп қалдым", - дейді ол.

Желідегі оқырмандары оған қолдау білдіріп, енді бірі таңғалып жатыр.