Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«420 млн теңге бюджет қаражатын ұрлаған»: Мәсімовтің ісі сотқа берілді

Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты тергеу ісі аяқталды деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Сыбайлас жемқорлық агенттігіне сілтеме жасап.

«420 млн теңге бюджет қаражатын ұрлаған»: Мәсімовтің ісі сотқа берілді
фото: opennews.kz

«Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Н. Мәсімовке, оның орынбасары Д.Сиразидимовке және кәсіпкер Е. Евковичке қатысты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Мәсімов пен Сиразидимов мемлекеттік сатып алуды өткізу және үлестес компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде қамқорлығы үшін 90,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталуда», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ олар арттехқару-жарақ сатып алуға арналған 420 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде.