Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Financial Times жариялаған мәлімет тексерілсін": Құлыбаев Бас прокуратураға жүгінді

"Тимур Құлыбаевтың осы мақалада айтылған мәмілелерге ешқашан тікелей немесе жанама түрде қатысы болған емес...", - делінген жарияланымда. 

"Financial Times жариялаған мәлімет тексерілсін": Құлыбаев Бас прокуратураға жүгінді
Фото: ашық дереккөз

Тимур Құлыбаев Financial Times басылымындағы жарияланымға байланысты Бас прокуратураға жүгінді, деп хабарлады paryz.kz, Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

"3 желтоқсанда Financial Times газетінде жарияланған мақалаға қатысты мынаны хабарлаймыз. Тимур Құлыбаев нақты фактілер арқылы расталмаған, ресми түсініктемелерге қайшы келетін өзара байланысты емес, біржақты тұжырымдар жиынтығы болатын дезинформациялық сипаттағы материалдар қамтылған жарияланыммен келіспейтінін білдіреді. Тимур Құлыбаевтың осы мақалада айтылған мәмілелерге ешқашан тікелей немесе жанама түрде қатысы болған емес. Осы айтылғандарды ескере отырып, Тимур Құлыбаев ресми жан-жақты тексеру жүргізу үшін Бас прокуратураға жүгінді", - делінген жарияланымда.

Тағы оқи отырыңыз: "53 миллион доллар алып келген": Құлыбаевтың құбыр сатып жүргені рас па?