Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған мемориалды ашты деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Мемориалдың ашылуына қаза тапқандардың туыстары, қоғам қайраткерлері, полиция қызметкерлері, әскери қызметшілер және еріктілерден құралған жүздеген адам қатысты.
Мемориал үш бөліктен тұрады, оның әр бөлімі Қазақстанның даму, қалыптасу кезеңдерін көрсетеді. Қара – хаос, қорқыныш, сұр – күресу, қалыптасу, ақ – әл-ауқат, болашақ.