Қазақстандық бойжеткен Балауса Төлеген ТНТ-дағы Comedy Club шоуының жүргізушісі Павел Воля тарапынан қорлық көргенін айтты, деп хабарлайды хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ryhy-на сілтеме жасап.
Ол бағдарламаның эфирінде қыздың суретін көрсетіп, оны «арман мен долбанко арасындағы нәрсе» деп атаған.
«Менің суретім қандай да бір жолмен Comedy Club-та көрсетілді. Сурет оларға қалай жеткенін білмеймін. Бұл бейнеде «біз сендерді жақсы көреміз» деген таптаурындар арқылы сексистік әзілдер айтылып, әйелдерді мазаққа айналдырды. Бұл шығарылымның қаралымы 3,5 млн-нан асты. Яғни ол арқылы қоғамда «мазақтауға болады» деген пікір қалыптасуы мүмкін», - дейді ол.
Ол жүргізуші оның әлеуметтік желілерде жариялаған 2018 жылғы суретін көрсеткенін атап өтті.