Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Астана әкімі азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша базарлар мен сауда желілерінің басшыларымен кездесті

Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатыр деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Астана әкімі азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша базарлар мен сауда желілерінің басшыларымен кездесті

Ірі сауда желілеріне «айналым тетігі» бойынша займдар бөлінеді, оның негізінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі, өңірлердің шаруаларымен шарттар жасалады, азық-түлік тауарларына баға белгілеуде делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссия жұмыс істейді, үй жанындағы дүкендердің баға үстемесін сақтауы бойынша мобильді мониторингтік топтар жұмыс істейді және т.б. аталған іс-шаралар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек азық-түлік базарларының, ірі сауда желілерінің өкілдерімен, өндірушілермен кездесті. Кеңеске ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Е.Шакқалиев, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің астаналық департаментінің басшысы А.Кішкенбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және басқа да жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кездесуде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, азық-түлікті уақытылы жеткізу, мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру және т.б. мәселелер көтерілді.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұру және баға үстемесін сақтау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын жандандыруды, 2023 жылға жеңілдікті шарттар жасасуға арналған азық-түлік тауарларының көлемін анықтауды, кәсіпкерлерге өнімдер жеткізу бойынша шарттық міндеттемелерді толық көлемде орындауды тапсырды. Сондай-ақ кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершілікті көрсетуге және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға өз үлестерін қосуға шақырды.

Сондай-ақ Астанада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өндірістік-тамақ кешенінің (нан зауыты, сүт өңдеу зауыты, көкөніс қоймасы), нан-тоқаш, ұн және кондитерлік өнімдерді дайындау жөніндегі өндірістік кешеннің, логистикалық орталықтардың және т.б. құрылысы жүріп жатыр.

Мысалы нан зауытын (тәулігіне 25 тоннаға дейін өнім) және көкөніс қоймасын 2023 жылы, сүт өңдеу зауыты (тәулігіне 100 тоннаға дейін) – 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.