Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

«Қажет болса, одан жауап аламыз» – Бас прокуратура Челахтың өтініші жайлы айтты

Бас прокуратура 2012 жылы "Арқанкерген" шекара бекетінде 15 адамды өлтірді деген айыппен сотталған Владислав Челахтың өтініші қосымша зерттелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қажет болса, одан жауап аламыз» – Бас прокуратура Челахтың өтініші жайлы айтты
Фото: ашық дереккөз

"Өтініш Бас прокуратураға келіп түсті. Біз қосымша зерттейміз, өздеріңіз білетіндей, бұл он жыл бұрынғы іс. Қажет болған жағдайда одан (Челахтан – автор.) жауап алынады", – деді Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев.

Еске салсақ, бұдан бұрын Владислав Челахтың президентке хат жазғаны, Арқанкергенде шын мәнінде не болғанын айтуға дайын екені хабарланған.

Владислав Челах 2012 жылы 15 адамды өлтірді деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді. Сол уақыттан бері Челах және оның қорғаушысы тарапынан Жоғарғы сотқа сот актісін қайта қарау туралы 8 рет өтініш түскен.

"Арқанкерген" оқиғасы 10 жылдан бері журналистер назарынан түспей келеді. Оқиғаға қатысты жаңа деректер шыққанымен, құқық қорғау органдары әлі де Владислав Челах кінәлі деп сендірумен келеді: 19 жастағы жігіт қорықшы мен 14 әріптесін өлтірді-мыс. Ол бүкіл өмірін түрмеде өткізеді. Челах бірде-бір сұхбат берген жоқ және оның өзі БАҚ өкілдерімен сөйлесуден бас тартты делінеді.