"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
Жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар атлантикалық циклон әсерінен қар жауып, бұрқасын болады, жел жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады,
-делінген хабарламада.
Атмосфералық жоғары қысым алқабымен тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз болады деген болжам бар.
Синоптикалық процестердің тез ауысуына байланысты ауа температурасы күрт өзгереді деп отыр. Атап айтқанда, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасыны 23 желтоқсанда түнде 20-35 градусқа дейін төмендейді, ал 24 желтоқсанда түнде 5-20 аязға дейін жоғарылайды.