Энергетика министрлігі мұнай өнімдеріне белгіленген шекті бағаға қатысты қаулы жобасын талқылауға ұсынды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Құжат жобасына сәйкес маркалы бензиннің бағасы бұрынғы деңгейде қалады. Айтқанда Аи-80 — 89 теңге. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің бағасы 1 литріне 187 теңге Қазақстанның басқа облыстарында 1 литріне 182 теңге., дизель отынының бағасы 1 литріне 450 теңгені құрайды.
“Сонымен қатар Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде дизель отынының лимиті өңіріне қарай күніне 100 литр көлемде бір литріне 230-260 теңге бағамен белгіленген”, – делінген қаулы жобасында.
Ал Қазақстан Республикасында көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін бекітілген лимит 300 литр үшін тәулігіне өңіріне қарай 1 литр үшін 230-260 теңге бағамен сатылады.
Қалған санаттағы адамдарға, сондай-ақ дизель отынын көрсетілген лимиттерден артық сатып алған кезде 1 литріне 450 теңгеден алуға рұқсат етіледі.