Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қазақстанда 2024 жылдан бастап байлық салығы енгізіледі

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров байлық салығы қашан енгізілетінін айтты, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Қазақстанда 2024 жылдан бастап байлық салығы енгізіледі
фото: ашық дереккөзден

Келесі жылдың бірінші жартыжылдығында біз осы мәселені кеңінен талқылап, жаңа Салық кодексімен бірге жылдың соңына дейін қабылдауды жоспарлап отырмыз - деді Қуантыров сенатта өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, байлық салығы қымбат көліктерге, жеке яхталар мен ұшақтарға ғана емес, жылжымайтын мүлікке де салынады. Қазіргі кезде бір адамның атына тіркелген үйдің санына қарай салық салуға қатысты ұсыныс бар.

"Санына қарай бола ма, бағасына қарай салына ма, біз оны әлі талқылаймыз", - деп атап көрсетті Қуантыров.