Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Елімізде алтын бір жарым айда 12,8%-ға қымбаттады

Бұл 16 тамыздан бастап, яғни 4 айдан астам уақыттан бері ең жоғары көрсеткіш болып отыр, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Бірінші кредиттік бюроның Telegram арнасына сілтеме жасап.

Елімізде алтын бір жарым айда 12,8%-ға қымбаттады
фото: ашық дереккөзден

4 қарашада алтын құны 24,2 мың теңгеден аз болды. Бұл 2021 жылдың қазан айынан бастап есептегенде ең төмен көрсеткіш. Келесі бір жарым ай ішінде бір грамм бағалы металдың құны 3,1 мың теңгеге немесе 12,8%-ға өсті.

Ресурстың мәліметінше, алтынның әлемдік бағасының өсуіне доллардың әлсіреуі, нарықтардың құлдырауы және геосаяси жағдайдың шиеленісуі әсер етіп отыр. Бағалы металға деген қызығушылық артып келеді.

Яғни, инвесторлар қаржы нарығында тұрақсыздық пайда болған кезде алтынға басымдық бере бастайды. Бұл өз кезегінде бағалы металл бағасының көтерілуіне әкеледі.