Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Отставкаға кеткен экс-әкім Өмірзақ Шөкеев Өзбекстанда жүр (ВИДЕО)

Түркістан облысының бұрынғы әкімі Өмірзақ Шөкеев Өзбекстанда жүр. Экс-шенеунік шет елде жай жүрген жоқ екен, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс К-ға сілтеме жасап.

Отставкаға кеткен экс-әкім Өмірзақ Шөкеев Өзбекстанда жүр (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Мемлекеттік қызметтен кеткен Өмірзақ Шөкеев енді бизнесті дөңгелетіп отыр. Бұл туралы 7 арна тілшісі Айя Мүтәлі Мемлекет басшысының Өзбекстанға сапары кезінде экс-шенеуніктің өзінен сұрап білді. Оның видеосын Facebook қолданушысы бөлісті.

"Қазір қайда жүрсіз? Өзбекстанда не істеп жүрсіз?" деген тілші сауалына Түркістанның бұрынғы әкімі бизнеспен және өзге де жобалармен айналысып жатқанын айтты.

"Өзімнің шаруаларыммен айналысып жатырмын. Ол бизнес, білім беру, ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар. Бүгін осы өзбек еліне арнайы келіп, келешекте болатын жобаларды талқыламақпыз. Өзбекстан жақсы дамып жатыр, климаты жақсы,"— деді Өмірзақ Шөкеев.

"Өзбекстанға инвестор тартпақ ойдасыз ба?" деген сауалға бұрынғы шенеунік былай деп жауап қатты.

"Кәсіпкерлерге, инвесторларға барлығын ұйымдастырып, жол ашып беруге көмектесемін", — деді ол.