Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Жәнібек Әлімханұлы "Канелоны" жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық боксшы жыл басында бір жеңіл кездесу, одан кейін чемпиондық белдікке талас өткізуі керек...

Жәнібек Әлімханұлы "Канелоны" жекпе-жекке шақырды
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық боксшы әлеуметтік желіде арнайы жазба қалдырып, орта салмақтағы кез келген мықтымен кездесуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлады paryz.kz.

Әсіресе, ол Рета Мурата, Сауль Альварес, Джермал Чарло және Деметриус Андраде есімдеріне ерекше тоқталады.

"2021 жылды чемпиондық жекпе-жектен бастағым келеді. Боб Арум, мен тас-түйін дайынмын!" - делінген Twitter-дегі жазбада.

Жәнібектің алдағы жылы титулды жекпе-жек өткізетінін Asianboxing.info сайты да жариялаған еді. Ондағы ақпаратқа сәйкес, қазақстандық боксшы жыл басында бір жеңіл кездесу, одан кейін чемпиондық белдікке талас өткізуі керек. Кейінгісі шамамен 2021 жылдың ортасына қарай ұйымдастырылады.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы ең соңғы рет 10 қазанда шаршы алаңға шықты. Аргентиналық Гонсало Кориямен жолығып, екінші раунда қарсыласын нокаутқа жіберді. Соның арқасында жерлесіміз WBO рейтингінің үздік үштігіне ілікті.