Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Мемлекеттік кірістер комитеті: Қазақстанда 2 мыңнан аса адам пәтерін шетелдіктерге жалға береді

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді, деп жазады Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекеттік кірістер комитеті: Қазақстанда 2 мыңнан аса адам пәтерін шетелдіктерге жалға береді
Фото: ашық дереккөзден

Оның айтуынша, пәтерін шетел азаматтарына жалға берушілерді Мемлекеттік кірістер комитеті Ішкі істер органдарымен бірге бақылауда ұстап отыр. Өйткені, Ішкі істер министрлігі елге келген шетел азаматтары туралы мәліметті ұсынады.

"Бүгінде тұрғын үйді жалға беретін 5 109 жылжымайтын мүлік иесі анықталды. Оның ішінде 2317 меншік иесі пәтерін шетел азаматтарына жалға беріп отыр. Пәтерді жалға беру бойынша 4457 меншік иесіне бақылау орнатылған. Оның 1410-ы салық төлейді, 1331 меншік иесі пәтерін туыстары мен достарына жалға берген. Сонымен қатар 1716 пәтерін жалға беруші азамат салық органдарында тіркелмеген", - деді Данияр Жанәлінов.