Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Қазақстан билігі Әбләзовты қайтару жөнінде Францияға сұраныс жолдады

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан билігі Әбләзовты қайтару жөнінде Францияға сұраныс жолдады
коллаж: ulysmedia.kz

«Қазақстанда экс-банкир Мұхтар Әбләзовқа қатысты қудалау органдарымен 2 қылмыстық іс қозғалған. Біріншісі, БТА банктің қаражатын жымқыруға қатысты. Екіншісі, Татишевтің өліміне байланысты. 2 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімінің күшіне енгеннен кейін тиісті экстрадиция бойынша Францияның өкілетті органдарына біздің сұраныс хаттар жолданды», - деді Жандос Өмірәлиев.

Оның айтуынша, «ол сұраныс хаттардың қаралу сатысы әртүрлі мерзімде».

«Қазіргі таңда оның статусын Францияның өкілетті органдары күшін жойды. Осы және басқа да біздің қолданып отырған шаралар меніңше, септігін тигізеді. Сұраныс хаттар біздің бақылауымызда. Біз оның орындалуына бар күшімізді саламыз», - дейді Бас прокурордың орынбасары.