Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 қаңтарына дейін ұзартты деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды
Фото: ашық дереккөзден

«2022 жылы 20 желтоқсанда сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылдың 21 қаңтарына дейін», - делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген болатын.

Еске салайық, Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат 22 сәуірде пайда болған еді.

Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырған.