Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Бұдан былай «Трамадол» дәрісін сатып алғандар жауапқа тартылады

Қазақстанда заңсыз есірткі және психотроптық заттар тізіміне тағы 27 зат енді, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Бұдан былай «Трамадол» дәрісін сатып алғандар жауапқа тартылады
фото: ашық дереккөзден

ҚР Ішкі істер министрлігі әзірлеген қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

«ІІМ есірткі мен прекурсорлардың тағы 27 түрін мемлекеттік бақылауға енгізу жөніндегі Үкімет қаулысы жобасын әзірледі. Бұл тізімде айналымын мемлекет бақылайтын 1 мыңнан астам зат бар. Қазір оған есірткінің тағы 17 және прекурсорлардың 13 түрі, оларды дайындау үшін пайдаланылатын заттар енгізіледі», - деді ҚР ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Атап айтқанда, «дәріханалық» нашақорлықпен күресу мақсатында психотроптық заттар тізімі анальгетик «Трамадолмен» толығады. Оны есірткіге тәуелділер эйфория әсерін алу үшін пайдаланады және тұтастай алғанда есірткіге тәуелділік қалыптасуына ықпал етеді.

«Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын «Трамадолдың» біліктілік мөлшері 0,1 граммға дейін – аз мөлшерде, 10 граммға дейін – үлкен мөлшерде, 10 грамнан бастап – аса үлкен мөлшерде болып жазылды. Үкімет актісі қолданысқа енген соң «Трамадол» тек рецепт бойынша және есірткі құралдары мен психотроптық заттардың айналымына лицензиясы бар дәріханалық және емдеу-профилактикалық ұйымдарда ғана берілетін болады. Үкімет қаулысының жобасы «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында жарияланған», - деп толықтырды Шұғыла Тұрлыбек.