Шырша кескендер сотталады - ІІМ

Елдімекендерде қылқан жапырақты ағаштардың сатылуын бақылау, оларды белгіленбеген жерлерде өткізуге тыйым салу, сондай-ақ, тиісті құжаттарсыз тексеру жүргізіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтылды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Шырша кескендер сотталады - ІІМ
фото: ашық дереккөзден

Бақылауды күшейту мақсатында автожолдарда, сондай-ақ базарларда және басқа жерлерде 300-ден астам мобильді топ құрылған.  

«Қылқан жапырақты ағаштарды сатуға рұқсаттың жоқтығы анықталған жағдайда, сатушы жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Осы бап бойынша: 

  • Жеке тұлғаларға - 15 АЕК мөлшерінде,   
  • Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 30 АЕК мөлшерінде,   
  • Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе ескертулер жасалады.   

Орман ағаштарын заңсыз кесу анықталған кезде ҚР Қылмыстық кодексінде бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза көзделеді»,-деп мәлімдеді ҚР ІІМ министрлігі.    

Алдын алу шарасы жаңа жылдық мерекелерге дейін жалғасады.