Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

"Қазір-ақ отсавкаға кете беруіне болады": Премьер-министр "өз күшіне сенбейтін" министрлерге ескерту жасады

Премьер-министр Әлихан Смайылов 14 желтоқсандағы үкімет отырысында президенттің министрлер кабинетіне қатысты қойған сауалына жауап күтетінін айтты. Сонымен қатар алға қойған барлық міндеттерді орындау үшін қолынан келетінін жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазір-ақ отсавкаға кете беруіне болады": Премьер-министр "өз күшіне сенбейтін" министрлерге ескерту жасады
Фото: ашық дереккөз

Премьер-министр президенттің үкіметтен тиімді жұмысты күтетінін айтты. 

"Әріптестер, кімнің қолынан келеді, сол жұмыс істейді. Өз күшіне сенбейтін қазірден отставкаға кете беруіне болады. Мұнда тек халық үшін еңбек етіп, қабылдаған шешімдері үшін жауап бере алатындарға ғана орын бар", – деді ол. 

Смайылов үкімет отырысында президенттің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қабылданатын шаралар талқыланады. Сонымен өатар ол құрамына мемлекеттік орталық және атқарушы орган басшылары қосылған республикалық штабтың құрылғанын мәлімдеді.

"Сондықтан сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жасалған әр қадам бақылауда болады. Жоспардағы өз пункті үшін басшылар жеке жауапкершілік алады", – деп қосты ол.