Қазақстанда алғаш рет автокөлік шинасы шығарылды

1100-ден астам маман жұмыс істейтін кәсіпорын жыл сайын 3,5 млн көпсалалы шина шығарады. 

Қарағанды облысының Саран қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың, Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановтың қатысуымен былтыр іргетасы қаланған зауыттың ашылу салтанаты өтті деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстанда алғаш рет автокөлік шинасы шығарылды
фото: KamaTyresKZ

Жаңа кәсіпорын рекордтық мерзімде – 16 айда салынды. Жобаға бағытталған инвестицияның жалпы көлемі 171 млрд теңгеден асады. 

1100-ден астам маман жұмыс істейтін кәсіпорын жыл сайын 3,5 млн көпсалалы шина шығарады. Қазақстандық инженерлерді оқыту Нижнекамск қаласындағы шина шығаратын кәсіпорындарда өтеді.

"Бұл өндіріс біздің өнеркәсіпті дамыту үшін де маңызды, сонымен қатар моноқалаларды дамытудың жақсы үлгісі болып табылады. Өйткені, Саран қаласының мыңнан астам тұрғыны бұл өндірісте жұмыспен қамтылады. Айта кету керек, бұл автомобиль өнеркәсібінің де, автокөлік жүргізушілерінің де сұранысын өтейтін шина өнімдерін шығаратын алғашқы отандық кәсіпорын", - деді Роман Скляр.

Айта кету керек, бұл Қазақстандағы шина шығаратын жалғыз зауыт, осыған дейін олар сырттан әкелініп келген.

Зауыт 2024 жылы толық жоспарланған жобалық қуатына жетеді. Екінші кезеңде резеңке бұйымдарын, үшінші кезеңде ауыл шаруашылығы техникаларына арналған шиналарды өндіру жоспарлануда.

"Бұл жобаның бірінші кезеңі ғана. Машина жасау өнімдері мен габаритті шиналар шығаратын зауыт ашуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, мұның барлығы Қазақстанның бірегей инвестициялық ахуалының, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жан-жақты қолдауының арқасында жүзеге асырылды", – деді Рустам Минниханов.

Саранск зауытының өндірістік цикліне жетекші салалық өндірушілердің 126 негізгі технологиялық және 528 қосалқы жабдықтары кіреді.

Еске сала кетсек, 2021 жылдың сәуірінде Саран қаласында шина шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Зауыттың өндірістік қуаты бірінші кезеңде жыл сайын 3,5 млн көпбейінді шинаны құрайды, кейіннен жылына 9 млн шинаға дейін жеткізіледі деп болжанған. Зауыт еліміздің автомобиль өндірісін оқшаулау деңгейін арттыруға және шиналар импортын алмастыру мүмкіндік береді.