12.12.2022, 17:05

Оралда орыс ұлтының өкілі қазақ тілі клубын ашты

Фото: instagram/batylbol_almaty

Оралда тегін қызмет көрсететін қазақ тілінің клубы ашылды, деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап. 

Іс-шараны Batyl Bol сөйлесу клубы ұйымдастырады, оған түрлі этнос өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.

Маған қазақ тілінде еркін сөйлеу тәжірибесі жетіспеді. Сондықтан 3 жыл бұрын қазақ тілінде сөйлесу клубын ашу керек деген идея туды. Дегенмен бұл ойымды тек биыл Twitter мен Facebook-те аудитория пайда болғанда жүзеге асырдым. Осылайша, өзім барғым келетін клубты аштым. Ондағы мақсат – қазақ тілінде еркін сөйлеу әрі машықты дамыту, сөйлегенде психологиялық кедергіні жеңу, - деді клубтың негізін қалаушы Алексей Скалозубов.

Оның айтуынша, клубта сабақ тегін өтеді.

«Қатысушыға қойылатын басты талап – қазақ тілін үйренуге ниеттің болуы. Барлығы ашық, тегін, қарапайым және практика үнемі болуға тиіс. Batyl bol клубтарының көпшілігінде алдын-ала жазылу керек емес әрі тілді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар жоқ. Біз ақша алмаймыз. Өйткені тілді үйренуге басты кедергі ақша болып саналады. Сондай-ақ әркімнің курстарға ақы төлеу мүмкіндігі бола бермейді. Тілді шынымен меңгеру үшін тілдік орта қалыптасырып, үнемі дайындалу керек», - деді Batyl Bol клубының негізін қалаушы.

Оралдағы жаңадан ашылған клубта сабақ бүгін, 12 желтоқсанда кешкі сағат 19.00-де (жергілікті уақыт бойынша, – автор) өтеді. Сұрақтар туындаса, Instagram-дағы @batyrbol_oral парақшасына жазуға болады.