Қазақстандық оқушылар халықаралық аренадағы жеңісті жолы жалғастырып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпартқа сілтеме жасап
Бүгін қазақстандық оқушылар физика, биология және химия пәндері бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында 6 медаль жеңіп алған. Құрама қоржынында 1 күміс пен 5 қола бар.
«Былтыр оқушыларымыз дәл осы олимпиадада 3 қола медаль иеленген еді. Осылайша, балалар биыл рекорд жаңартты.
Зияткерлік сайыс Колумбияның Богота қаласында өтті. Оған әлемнің 60 елінен 300-ге жуық бала қатысты», - деген министр жүлдегерлерді жоғары нәтижелерімен құттықтаған.